Хромопластар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Хромопластар (хромо… және грек. plastos — сомдалған) — ішкі құрылысы онша айқындалмаған, пигмент әсерінен сары, қызғылт сары, қызыл, кейде қызыл қоңыр түске боялған өсімдік клеткасы протоплазмасында болатын пластидтер. Хромопластардың пішіні шар, ұршық, орақ тәрізді болады. Хромопластардың түсін әр түрлі пластидтерде шоғырлану пішіні бірдей емес пигмент — каротиноид қамтамасыз етеді. Біреулерінде пигменттер ақуызды-липидті мембранада ыдырайды; екіншілерінде белок фибриллаларында жинақталады, ал үшіншілерінде кристалл түрінде болады. Хромопластарда қос мембрана болады, олардың көмегімен цитоплазмадан ажырайды. Хромопластардың биологиялық маңызы зор, мұның құрамында биологиялық белсенді заттар — май ыдыратқыш D, E, K витаминдері және А1 провитамині, сондай-ақ тотықтырғыш және гидролиздік фермент болады. Хромопластар көбінесе жасыл хлоропластан, кейде реңсіз лейкопластардан не хондриосомадан (пішіні таяқша, түйіршік, жіп тәрізді екі мембранадан түзілген клеткаішілік тұрақты органоид) түзілуі мүмкін. Хромопластар айқас тозаңданатын өсімдіктердің жәндіктер арқылы тозаңдануын, жемістерінің құс арқылы таралуын жеңілдетеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub