Ринат Сансызбайұлы Сағандықов
1987 жылы 3 желтоқсанда Ақтөбе қаласында туған. Қазақ.
Әкесі - Сағандықов Сансызбай Әбдібайүлы (1964 жылы туған), әскерилендірілген күзетте жұмыс істейді. Анасы - Сағандықова Ғалия Сағидоллақызы (1966 жылы туған), теміржолшылар ауруханасында аға мейірбике.
Қазақ, орыс және ағылшын (ауызекі) тілдерін біледі.
Каратэ-додан ҚР чемпионы (1999-2005); I Мұсылмандық ойындардың күміс жүлдегері (2005); Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы IV Әлем чемпионатының чемпионы (2005).
Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хатымен ескерілген (2005).
Діни көзқарасы - ислам.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Прогресс».
Хоббиі - Интернет.
Сүйіп оқитын әдебиеті - физика.
Бойдақ.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>