Октябрь (Алматы облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Октябрь – Алматы облысы, Көксу ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы.<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том</ref> Аудан орталығы – Балпық би кентінен батысқа қарай 18 км жерде, Мұқыр және Мұқаншы өзендері аралығында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1,1 мың адам (2004). 1970 – 97 жылы 23-партсъезд атындағы қызылша өсіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Октябрьде және округке қарасты Бозтоған, Мұқаншы ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.
Ішкі сілтемелер
Дереккөздер
<references/>