Мұхаметсәлім Әбдірахманұлы Кәшімов
Мұхаметсәлім Әбдірахманұлы Кәшімов (1884, Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы – 1935, Еңбекшілдер ауданы) – ақын, журналист.
- Жас кезінде әкесінен, кейін молдадан оқып, хат таныған. Әкесіне еріп Меккеге қажылыққа барып, “Бала қажы” атанған. Ол – бірнеше тәлім-тәрбиелік еңбектердің авторы.
- “Әдеп” (1907)
- “Сабақ” (1907)
- “Насихат қазақия” (1908)
- “Ақыл кітабы” (1908), т.б. еңбектерінде қазақ балаларына оқу-білім, тәлім-тәрбие, тазалық, мәдениет мәселелері төңірегінде ақыл-кеңес, өнегелі тағлымдар ұсынады.
Ол шәкірт тәрбиесін ұлттық салт-дәстүрге негіздей жүргізуді, мұны имандылық пен адамгершіліктің сан-алуан көріністерімен ұштастырып отыруды уағыздайды. Оқытудың тәрбиелік жағына үлкен мән беріп: Үлгі:Дәйексөз, - дейді. Шәкірттерді аз сөйлеп, көп тыңдауға, жаман істен жиреніп, жақсы істен үйренуге шақырады. Үлгі:Дәйексөз деп, адамның өзін-өзі тәрбиелеу ісіне ерекше мән береді.
Кәшімов ананың бала тәрбиесіндегі рөлін жоғары бағалап, қыздарды өз келісімінсіз жастай атастыруға қарсылық білдіріп, оларды мұсылманша оқытып, тәрбиелеуді жақтайды.
- “Сұлу қыз” (1909) өлеңдер жинағы
- “Мұңлы Мариям” (1914) романы жарық көрген.
1911 – 14 жылдары “Айқап” журналында қызмет істей жүріп, ел ішіндегі мектеп-медреселердің жай-күйі, олардағы оқу-тәрбие істерінің барысы жайында ой қозғаса, Жетісу, қырғыз, қытай қазақтарын аралаған кезінде (1915 – 16) этнографиялық очерктер жазған. Онда елдің тұрмыс-салты, әдет-ғұрпымен бірге оқу-ағарту мәселелерін де сөз етіп, тәлімдік ой-пікірлерін ортаға салады.<ref>Жарықбаев Қ., Қалиев С., Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, 1995</ref><ref>Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы, 2-том, Алматы, 1998.</ref>