Мүрделітөбе
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мүрделітөбе – Қазақстандағы ежелгі бекініс орны. Жамбыл ауданына қарасты «Билікөл» ауылының жеріне орналасқан. Мүрделітөбе мекенін 1938 жылы Жетісу археол. экспедициясы (жетек. А.Н. Бернштам) зерттеген. Мүрделітөбенің қазіргі көрінісі – үсті жалпақтау келген төбе. Мүрделітөбе үстінен жинап алынған қыш құты, керсен, күбі сынықтарына, олардың жасау тәсілдері мен формаларына қарағанда, мекен тұрғындарының 8 – 12 ғасырларда өмір сүргендігі байқалады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify