Күрметі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Күрметі, Таушілік – Күнгей Алатау жотасының шығыс бөлігіндегі (Таушілік тауы) асу.
Географиялық орны
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аралығында.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3552 м. Асудан мамыр – қыркүйек айлары аралығында өтуге болады. Жолаушы асудың сол түстігіндегі Шілік өзенінің оң саласы – Күрметі өзенін бойлай жоғары жүре алады. Асудан өткеннен кейін Қырғыз аумағындағы Күрменті өзенінің бастауына шығады. Одан төменде жол Ақбұлақ және Күрменті ауылына алып барады. Асудың Қазақстан бөлігінде Күрметінің етегіне шағын көл орналасқан. Асудың солтүстік беткейі тік, қорымтасты.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>