Короленко мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Короленко мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Ақтас өзенінің бастауында орналасқан. Мұздыққа орыс жазушысы В.Г. Короленконың есімі берілген (1957).
Жер бедері, аумағы
Тентек шыңынан (4098 м) басталып, 3000 м-ге дейін төмендейді. Ұзындығы 6,2 км, оның ашық жатқан жері 4,8 км. Жалпы ауданы 9,5 км2, фирн алаңы 2,2 км2. Мұздықтан Тентек өзенінің салалары толығады. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 11 - том</ref>