Кенорындардың инженерлік-геологиялық жағдайлары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кенорындардың инженерлік-геологиялық жағдайлары -табиғи және техногендік факторлар жүйесі: табиғи-климаттық ерекшеліктері, кенорындардың геологиялық-тектоникалық құрылысы, құрылымы; тау жыныстарының жатыс жағдайлары, құрамы, қасиеттері және күйі, жер асты сулары; газдылығы, әр түрлі геологиялык процестер мен қүбылыстардың туындауы және дамуы. Кенорындардың инженерлік-геологиялық жағдайлары кенорындарды тиімді барлауға, ұтымды және қауіпсіз игеруге, кеніштерді жобалау мен пайдалануға негіз болады.

Кенорынның (кен денесінің) моделі

Жер қыртысы телімінің заттық көлемдік бейнесі; әдетте ол 1:100—1:200 масштабты кен орнын немесе жеке кен денесін қамтиды; осы арқылы нысанның геологиялық орны, құрылымы, кенденудің кеңістікте таралуы мен пішіні, кенсіз ойықтар, шығымды және шығымсыз кен блоктары мен бағанасы, табиғи типтері мен өнеркәсіптік сорттары туралы айқын мағлұмат беріледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Geology-stub