Кендірлісор

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

КендірлісорҚарынжарық ойысындағы сор алқабы. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 66 км-ге созылған, енді жері 13 км. Сор теңіз деңгейінен 30 – 35 м төмен жатыр. Тұзды қабыршақтардың қалыңдығы 9 м. Батысын Қарынжарық құмы, қалған бөліктерін Батыс Үстірт кемері қоршаған. Сайлы-жыралы жайпауытты келген қиыр солтүстік-батысында Айтманащы құдығы, орталық батыс бөлігінде Сарыбұлақ бұлағы орналасқан. Сор алқабы шаруашылыққа пайдалануға тиімсіз.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub