Карлинский Аврам Ефремович
Карлинский Аврам Ефремович <ref>Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы</ref> (1923 жылы туған, Украина, Чернигов облысы Козелец қаласы) – филология ғылыми докторы (1981), профессор (1985).
<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Киев мемлекеттік университеттін (1952) бітірген. Амур облысындағы Буря кентінде мектеп мұғалімі (1952–54), Амур темір жол мектебінде инспектор (1954–57), 1957 жылдан ҚазМУ-де (қазіргі ҚазҰУ) оқытушы, доцент, декан, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Оның ғылыми еңбектері негізінен тіларалық байланыстардың жалпы теориясы, тілдегі интерференция проблемасы, тілдік байланыс теориясының қолданбалы мәнін зерттеу мәселесіне арналған.
Карлинский Аврам Ефремович 80-нен астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы.
Дереккөздер
<references/>