Жүйелеу (жантану)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жүйелеу — бір ретпен тұтастықты құрайтын қатардағы элементтердің жиынтығы, ойлау операцияларының бірі. Жүйелеудің белгілері:
- екеуден шексіздікке дейінгі құрылымы;
- элементтердің қатынасы;
- жүйелілікті түзуші факторлардың тұтастық байланысы.
Психологиялық жүйенің компоненттері мақсаттар, үрдістер, жағдаяттардан тұрады. Жүйелеу — жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі бір принципке орналастырудан тұратын ойлау операциясы. Жүйелеудің жоғары түрі топтастыру (классификациялау). Жүйелі талдау — құбылыстар мен объектілерді, әр түрлі құрылымдарды бөліп көрсету арқылы, оның тұтастығын көрсету тәсілін іздестіру.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify