Жолтай Әлмашев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жолтай Әлмашев (14.2.1957 жыл, Жаңақорған ауданы Бірлік ауылы) – жазушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты.
- ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика (1979) факультетін
- Алматы жоғары партия мектебін (1991) бітірген.
- 1979 – 89 жылы Қызылорда облысында газеттерде, комсомол жұмысында
- 1991 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық комитеттінің аппаратында, Президент пен Үкімет аппаратында референт, консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
- Қазір үкіметтік басылымдарының бас редакторы.
Жетістіктері
- Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған көркем шығармалар бәйгесінде «Оянған ұрпақ» атты романы үшін жүлде алды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Шығармалары
- «Біздің команда»
- «Күн тәртібі»
- «Жетім жұлдыздар»
- «Сұлтанбек Қожанұлы»
- «Нәзір Төреқұлұлы»
- «Найзашың»
- «Әуезовке қайта оралу»
- «Қызыр қойған Түркістан»
- «Сұлуды сүю»
- «Қасиетті мекендегі қала»
- «Ахмед Ясауи қаласы»
- «Әзірет Сұлтан аңызы»
- «Зов свободы» - секілді кітаптардың авторы.
- «Оянған ұрпақ»
- «Ұмытылған ұрпақ»,
- «Күлкі мен жас» - романдарының, бірнеше драмалық шығармалардың авторы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>