Желмая (журнал)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Желмая — Түркиядағы қазақ жастарының қоғамдық-мәдени және ғылыми журналы. Алғашқы саны 1998 жылы 25 қазанда Анкарада жарық көрді. Құрылтайшысы — Қожа Ахмет Иасауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің Өкілетті кеңесі (төрағасы Намык Кемал Зейбек). Журналда тарих, руханиат, әдебиет, экономика, әлеуметтік мәселелер, мәдениет, дүниетаным, өнер, ұлттық сана, жастар мәселесі туралы мақалалар жарық көруде. <ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>