Жартас таңба суреттері
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жартас таңба суреттері — ежелгі дәуірлер (палеолит, неолит, қола, темір) кезеңдеріндегі адамдар қалдырған өнер шығармалары. Осындай көне дәуірлерде адам қолынан туындаған өнер шығармалары алғаш әр түрлі белгі суреттер арқылы басталып, кейін жануарлар әлемін және тұрмыстық өмір бейнесін көрсететін мағыналы сурет, нақыштарға ұласқан. Жартас таңба суреттері Жер шарының барлық түкпірінен кездеседі: Африкада (Бумен жартасында, Алжир сахарасы — Тассилин — Аджерде, Ливия сахарасында — Феццианда), Испанияда (Альтамира, Альпера жартас үңгірінде), Францияда (Ляско жартас үңгірінде), Азия құрлығында (Сібірде, Қиыр Шығыста, Алтайда), оның ішінде Қазақстан жерінде кездеседі. Жартас таңба суреттерінің ең көнесі — Испаниядағы Альтамира үңгіріндегі суреттер. Ол суреттер шамамен бұдан 40 мың жыл бұрын таңбаланған. Қазақстанда ірі екі Жартас таңба суреттері қорымы сақталған: Шу — Іле тауының оңтүстік-батысындағы Таңбалы шатқалы және Шығыс Қазақстан облысындағы Бұғытас қорымы. Жартас таңба суреттері кейін әр түрлі өнер ағымдарының, рәміздік белгілердің қалыптасуына ықпал еткен. Мысалы, сақтардың “аң бейнелі” өнер өзінің бастауын Жартас таңба суреттерінен алған (мысалы, Таңбалы, Бұғытас Жартас таңба суреттерінен, т.б.). “Азия дауысы” фестивалінің негізгі рәміздік белгісі — “Күн тәңірісі” Таңбалы Жартас таңба суреттерінен алынған, т.б.); қ. Петроглифтер.
Сілтеме
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жартас таңба суреттері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}