Жапсарлы метаморфтану
Жапсарлы метаморфтану — әр түрлі тау жыныстарының тереңнен ығысып шыққан магмалық интрузия денелерінің жанасу әсерінен өзгеруі. Жапсарлық метаморфтану 550 — 900ӘС аралығында өтеді. Жапсарлық метаморфтанудың дәрежесі магманың температурасына, көлеміне, оны қоршаған жыныстардың құрамына, құрылымына, нақышына, жатыс жағдайына байланысты болады. Жапсарлық метаморфтану интрузия және оны қоршаған тау жыныстарының жанасқан жерін қамтып, шағын аймаққа тарайды (бірнеше см-ден ондаған, кейде жүздеген м-ге жетеді). Жапсар белдемі алыстаған сайын метаморфтану әсері біртіндеп кеми береді. Шөгінді жыныстар мен ертерек қалыптасқан магмалық жыныстар да Жапсарлық метаморфтануға ұшырайды, мұндайда олардың алғашқы минералдық құрамы, құрылымы өзгереді. Жапсарлық метаморфтану әсерінен силикатты жыныстардан мүйізтастар, тақтатастар; силициттерден кварциттер; карбонатты жыныстардан мәрмәрлар; кремнийлі — карбонатты жыныстардан скарноидтар түзіледі. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>