Ерғазы Томұғазыұлы Сағынаев
1951 жылы 21 қарашада Семей қаласында туған. Қазақ.
Әкесі - Сағынаев Томұғазы, «Левобережный» кеңшарында зоотехник болып жұмыс істеген. Анасы - Әзімбаева Күлғайша Әзімбайқызы, №1 перзентханада бас есепші болып жұмыс істеген.
Н.К. Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген (1977), дене тәрбиесінің мұғалімі.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1977 жылдан - ОРМБЖСМ грек-рим күресінен жаттықтырушы. 1991 жылдан - облыстық КОРМБЖМ директоры, 1997 жылдан - грек-рим күресінен жаттықтырушы -оқытушы. 2001 жылдан - «Облыстық олимпиадалық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» MM директоры.
2006 жылдан бері - «Семей қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ММ-де грек-рим күресінен жаттықтырушы-оқытушы.
Грек-рим күресінен жастар арасындағы Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Жүрсімбаев Асқарды, жастар арасындағы КСРО Чемпионатының күміс жүлдегері Черепанов Александрды тәрбиелеген.
ҚР Президентінің Алғыс хатымен ескерілген(2001).
Грек-рим күресінен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Әскери атағы - запастағы сержант.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Кемелдену, ауқаттылық».
Хоббиі - суда жүзу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - мерзімдік басылымдар, детективтер.
Үйленген. Жұбайы - Сағынаева Кәмила Қалиқызы (1954 жылы туған), бас дәрігердің орынбасары. Ұлдары - Сағынаев Бауыржан (1978 жылы туған), Сағынаев Ералы (1988 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>