Ертіс-Қарағанды каналы. Инженерлік географиялық жағдайлары (монография)
Ертіс-Қарағанды каналы. Инженерлік географиялық жағдайлары — Алматыдағы «Ғылым» баспасынан 1965 жылы орыс тілінде жарық көрген монография. Бас редакторы - академик Қаныш Сәтбаев. Редакциялық алқа: Г.Ц.Медоев (жауапты редактор), В.П.Бочкарев, Н.М.Владимиров, В.И. Дмитровский, Н.Ф.Колотилин, С.М.Мұхамеджанов, А.М.Садықов, И.С.Семенов. Кіріспеден, 6 тараудан тұрады. Соңында әдебиеттер тізімі берілген. Еңбек Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының С.Я.Жук атындағы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу «Гидропроект» институты және Қазақ гидрогеология тресімен бірлесе 1959-60 жылы «Ертіс-Қарағанды каналы» бойынша жүргізілген кешенді инженер-геологиялық зерттеулерінің ғылыми талдап қорытылған нәтижесі болып табылады.
Мұнда канал жолының геологиялық-құрылымдық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, инженер-геология жағдайларына және уақытша сумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталған, сондай-ақ құрылыс материалдары, кен орындарына сипаттама берілген. Кітап инженер-техника және ғылым қызметкерлерге арналған. Көлемі 15 баспа табақ. Таралымы 1050 дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>
Дереккөздер
<references/>