Елеусіз Байырбеков
Елеусіз Байырбеков<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref> (1892, Созақ ауданы, Қаратау әкімшілік аймағы, Бақырлы мекені — 1944, қазіргі Д.Алтынбеков ауылы) — ақын. Сыр өңірінің белгілі акындарымен кездесіп, өнер жарыстырған. "Ұлы Совет сайлайық" атты өлеңі "Ел жүрегі" (1937) жинағында жарияланды. 1934 жылы Қазақстан жазушыларының 1-ші съезіне, 1939 жылы халық ақындарының республикалық слетіне қатысқан. "Өзгерген өмір" дастанында ("Пернедегітермелер", Алматы, 1965) 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын, ел басына түскен тауқыметті баяндады. Ал "Ұйысты ойдан ел көп, кырдан дағы", "мекенім раң еді таудан ары", "Замана сарыны", "Жаралы жауынгер", т.б. шығармалары Отырар руханияты музей-кітапханасының қорында сақтаулы тұр.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify