Ежелгі Тараз ескерткіштері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени мемлекеттік қорық-мұражайы — Тараз қаласында орналасқан.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. наурыздың 24 № 256 Қаулысына сәйкес құрылған. Облыс бойынша 1064 тарихи-мәдени мұра бар. Қорық-мұражай — тарихи-мәдени мұраларды қорғау, жөндеу, зерттеу, қалпына келтіру және пайдалану жұмыстарын жүргізеді. Оның 29 — республикалық дәрежеде, 66 — жергілікті мәні бар нысандар.

Бұл ескерткіштер ҚР «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі» Заңына сәйкес және тиісті нормативтік нұсқаулар негізінде құжаттандырыдған.

Олардың компьютерлік жүйесін жасап, электронды қорға енгізді және электронды табақшаларға қондырды.

Мекеме Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі, № 3 үйде — 1900 жылы салынған сәулет өнері ескерткіші ғимаратында орналасқан (бұрынғы офицерлер үйі), мемлекеттік қорғауына алынған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала