Дарақ (организм)
Дарақ (Особь) — қ. Жеке ағза, Индивидуум.
Дарақ санын реттеу
Дарақ санын реттеу (Регулирование численности особей) — шаруашылыққа қажетті жануарлар дүниесін популяция құрылымында адам (қоғам) үшін үйлесімді жағдайда ұстау — пайдалыcын көбейтіп, зияндысын қажетті жерлерде азайтып, үйлестіріп отыру.
Дарақтар саны
Дарақтар саны (Численность особей) — шекаралары анықталған белгілі бір аумақтағы организмдер саны. Мысалы, бір әкімшіліктегі аудан, облыс, мемлекеттегі қой, жылқы, т.б. саны.
Дарақтың жетілуі
Дарақтың жетілуі (Зрелость особей) — морфологиялық, психофизиологиялық сипат жағынан жетіліп, орі карай көбеюіне қабілеті бар дарақ.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>