Далабай Жазықбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Далабай Жазықбаев - 1920 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. Алматы мүғалімдер институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып, Ескене, Доссор, Қүлсары мектептерінде қазақ әдебиетінің мұғалімі болған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттаныс сол жылы 15 қыркүйекте Батыс майдан даласында қаза тапты.

Шығармашылығы

Өлеңдері республикалық газет-журналдарда жарияланған. «Жауынгер дос», «Досыма», «Таңертеңгі бір жеңіс», «Намыс үшін», т.б өлеңдерінде жауынгерлердің қаһармандық ерлігін суреттел, фашист жауыздығын әшкерелейді. Майдан даласында жазған өлеңдерінің қай-қайсысынан да өр рух лебі еседі.

М.Ю.Лермонтовтың «Үш пальма», «Тұтқын», «Үміт» атты өлеңдері мен М.Голодныйдың «Щорс туралы жырын» аударған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала