Гипс-доломит
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гипс-доломит. Негізінен алғанда доломит және гипс минералдарынан тұратын шөгінді (тұнба) тау жынысы. Құрамындағы доломит мөлшері гипске қарағанда көбірек. Әдетте ангидрит-доломиттердің гидраттануы нәтижесінде қалыптасады. Доломит пен гипстің бірлесе отырып тұнбаға түсуі, немесе доломитті түзілімдердің гипстенуі салдарынан да түзілуі ықтимал.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify