Гибридті көмірсутектер
Молекуласы аренді және цикланды шығырлардың екеуін де кіріктіретін көмірсутектер. Гибридті көмірсутектер әдетте немесе арендерге жатқызылады, немесе көмірсутектердің дербес класы ретінде қаралады. Гибридті көмірсутектер көптеген цикланды мұнайлардың керосинді-газойлды және одан да гөрі ауырлау фракцияларының басым-көпшілігін құрайды. Құрамы өте күрделі гибридті көмірсутектер арасында өзінің құрамы жағынан табиғи политерпандар мен стериандарға ұқсайтын, хемофоссилиялар деп аталатын көмірсутектерге жататын конденсаттанған полициклді көмірсутектер кеңінен таралған (терпандар, стерандар т.б.).<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/>