Геологиялық-экономикалық талдама
Геологиялық-экономикалық талдама (талдау) (іздеу-барлау жұмыстарының нәтижелерін). Іздеу-барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында геологиялық, әкімшілік, өндірістік нысандар бойынша және геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен әдістері бойынша жүргізілетін арнаулы зерттеулер жиынтығы. Геологиялық-экономикалық талдама шараларының басты-басты мақсттары төмендегідей:
- кенорындарды іздеу және барлау барысын жан-жақты саралау (іздеудің ең тиімді бағытын қамтамасыз етуге белгіленген жұмыс көлемі мен қаражаттың жеткіліктілігі және ұтымдылығы; жүргізіліп отырған жұмыс түрлерінің, әдістердің және әдістемелердің геологиялық жағдайға сәйкес болуы; геологиялық барлау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, т.с.с.);
- геологиялық барлау жұмыстарының ең тиімді бағыттарын таңдау нәтижесінде кенорынның қорын еселей арттыру мүмкіндіктерін іздестіру;
- кенорынды іздеу және барлау әдістемелерін жетілдіру;
- еңбек өнімділігін арттыру және өнімге тікелей қатысы жоқшығындарды азайту;
- геологиялық барлау өндірісін ұйымдастыру, ғылыми түрғыдан қамтамасыз ету және жоспарлау шараларын жетілдіру.Геологиялық-экономикалық талдама төмендегі мәселелерді қамтиды: геологиялық барлау жұмыстарын сапалық және сандық
тұрғыдан бағалау; жұмыстардың сипаты мен көлемін олардың жүргізілу сатысына, түріне және әдісіне сәйкес нақты түрде және шығынданатын қаржы тұрғысынан анықтау; тиімділік көрсеткіштерін (шаруашылық-есептік, салалық, шаруашылық, салыстырмалы) анықтау және салыстыру; жоспарланған кезеңдегі жұмыс көлемінің экономикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін тұжырымдар мен ұсыныстарды жасақтау. Геологиялық барлау процесінің ең ақырғы нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштерге баса назар аударылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify