Гемолиз таңбасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Гемолиз таңбасы (ерне әдісі,жергілікті не иммунды гельдегі гемолиз) — антидене құратын торшалар санын анықтайтын әдіс. Эритроциттер еккен жануарлардың лимфоидты ағзалар торшаларын жылы агарозаға және эритроциттерге араластырады. Қосындыны петри аяқшасына жұқалап құйып, 37°С термостатқа қояды. Антидене түзетін торшалар антидене бөліп шығарады, сондықтан комплемент қосса, оларды айнала гемолиз таңбасы пайда болады. Әр таңбаның ортасында бір торша болады.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>