Ганглиондық тақташа
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ганглиондық тақташа (ганглиозная, или ганглионарная пластинка); (лат. neural crest) - эмбригенездің нейруляция кезеңінде, яғни жүйке жүйесінің дамуы кезінде біріншілік эктодермадан бөлініп жетілген жүйке түтігінің жоғарғы (адамда — артқы) жағындағы эктодерма жасушаларынан құралған құрылым.
Ганглиондық тақташа жасушаларынан жұлын ганглиондары, симпатикалық жүйке жүйесінің ганглиондары, бүйрекүсті безі бозғылт затының хромаффинді жасушалары, пигментті жасушалар (хроматофорлар) дамып жетіледі. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>