Виталий Викторович Демьяненко
Виталий Викторович Демьяненко 1983 жылы 27 маусымда Алматы қаласында туған. Орыс. Әкесі - Демьяненко Виктор Леонидович, Қазақстан республикалық кәсіпқой бокс федерациясының президенті. Анасы - Демьяненко Фатима Владимировна, аудармашы. «Тұран» университетінің бизнес және менеджмент факультетін бітірген (Алматы қ., 2005), маркетолог. Орыс және ағылшын тілдерін біледі. 2005 жылдан бері - кәсіпқой боксшы. Кәсіпқой рингте 19 ұрысқа қатысқан, барлығында да жеңген, олардың 12-сінде нокаутпен жеңген; WBA, WBC және WBO дүниежүзілік бокс ұйымдарының жартылай орташа салмақтағы үздік боксшыларының ондығына кіреді; Паназиялық бокс ұйымының (РАВА) нұсқасы бойынша РАВА атағын қатарынан 8 рет қорғағаны үшін суперчемпион атағының иегері (2010); РАВА нусқасы бойынша 2007 жылдың үздік боксшысы; WBO Asia-Pacific және WBC Asian Council нұсқалары бойынша чемпион белдіктерінің иегері.
- Діни көзқарасы - христиан.
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жарқын».
- Сүйіп оқитын әдебиеті - Э.М. Ремарк, А.Т. Аверченко, Э. Хемингуэй, Ф.С. Фицджеральд, И. Шоу.
- Бойдақ.
<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>