Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Болат Көмеков.tif
Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков
Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков (5.8.1940 жылы туған, Жамбыл облысы Тараз қаласы) – шығыстанушы-арабтанушы, тарих ғылымдарының докторы (1994), Қазақстан ҰҒА-ның академигі (2003).
Өмірбаяны
- 1963 - Ташкент мемлекеттік университетін бітірген.
- 1964 - 1965 - Мысырда аудармашы,
- 1965 - 1996 - ҚР Ұлттық ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
- 1996 жылдан - Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, әрі 1997 жылдан осы академия жанындағы халықаралық қыпшақтану институтының директоры.
Ғылыми жұмыстары
Қазақстанның ортағасырлық тарихын, тарихи географиясын араб, парсы, көне түркі жазба ескерткіштері негізінде зерттеумен шұғылданады.
- Тарих ғылымында алғаш рет көне түркі тайпасы – қимақтардың мемлекеттік құрылымы болғанын ғылыми тұрғыда шығыс деректері бойынша негіздеген. Оның басшылығымен құрылған халықаралық қыпшақтану институты Мысыр, Сауд Арабиясы, Ливия, Түркия, Иран, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Украина, Армения, т.б. елдердегі ортағасырлық этностар тарихын зерттейтін ғалымдармен тығыз байланыс орнатқан. Ол 420-дан астам ғылыми жарияланымының авторы,
- 1983–1985 жылдары баспадан шыққан Ш.Ш.Уәлихановтың шығармалар жинағының жауапты редакторы болды.
Халықаралық «Түркістан» (2000) энциклопедиясын шығаруға белсене қатысты, Стамбұлда түрік және ағылшын тілдерінде шығарылған 26 томдық «Түркі халықтары тарихы» энциклопедиясын (2002) әзірлеуге ат салысты.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 5 тамызда туғандар
- 1940 жылы туғандар
- Таразда туғандар
- Парасат орденінің иегерлері
- Қазақстан тарихшылары
- Ташкент мемлекеттік университеті түлектері
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Қазқстан шығыстанушылары
- Арабтанушылар
- Тарих ғылымдарының докторлары
- Тарих, археология және этнология институты тұлғалары
- Қазақ мемлекеттік заң академиясы оқытушылары