Бокалша экзокриноцит
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бокалша (құтыша) экзокриноцит (exocrinocytus caliciformis; лат. ex - сырт, сыртқа; грек, krino — бөлу, calyx - бокал, құты, тостаған; formis — тәрізді) — пішіні бокалға (қүтыға) үқсас, кілегей бөлетін біржасушалы сыртқы секреция безі. Құтыша экзокриноцит - адам мен жануарлар ішектерінің және тыныс жолдарының (мүрын қуысы, көмекей, кеңірдек, бронхтар) кілегейлі қабықтарының ішкі эпителий қабаттары құрамында кездеседі, яғни бұл жасушалар — эпителий ұлпасы ішіндегі безді жасушалар (экзокриноциттер). Бұлар бөлетін кілегейлі сөл аталған мүшелер кілегейлі қабықтарының ішкі бетін сылап тұрады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>