Баялыш
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Баялыш <ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;</ref> (Salsola arbuscula) – алабұталар тұқымдасының сораң туысына жататын бұта. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері маңында, Маңғыстауда, Бетпақдалада, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Қаратауда кездеседі. Биіктігі 40 – 100 см. Ақшыл сұр қабықты, ретсіз бұтақтанған сабағы бар. Тықыр немесе қысқа қылтанақты жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлшоғыры масақ тәріздес, қызғылт түсті келеді. Шілде – қыркүйек айларында гүлдейді. Баялыш шөлді аймақтарда мал азығы және отын ретінде пайдаланылады.
Сілтеме
Дереккөздер
<references/>