Батарея
Батарея — жұмыс тиімділігін арттыру мақсатымен бір жүйеге келтірілген бір типтес приборлар, аппараттар, құрылыстар, құрылғылар (мысалы, электр аккумуляторлары, кокс пештері, жылыту радиаторлары, т.б.).
Батарея- олардың функцияларын біріктіру мақсатымен бір тұтас бірнеше бірдей элементтерді байланыстыру.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>
Әскерде
Батарея — артиллериядағы тактикалық-ұйымдық бөлім (артиллерия немесе минаатар батареясы). Ол бірнеше взводтан құралады.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Мақсатына қарай жағалау батареясы, дыбыс барлау батареясы, барлау батареясы, есептеу батареясына бөлінеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл</ref><ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>