Балқарағай орманы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Put'.JPG
Балқарағай орманы.
Балқарағай орманы — таза балқарағай немесе қарағай тектес тұқымдасына жататын қылқан жапырақты ағаштармен аралас өскен орман.
Қазақстанның шығысында (Алтай, Сауыр, Тарбағатай) көп таралған, теңіз деңгейінен 2200 м биіктікке дейін өседі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар өңірлерінде балқарағайдан тұратын екпе ормандар көп кездеседі. Балқарағай орманы суыққа, ыстыққа, дауылға, түтінге, шаңдаққа және ауа ылғалына өте төзімді келеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>
Дереккөздер
<references/>