Альжери Пресс Сервис
Альжери Пресс Сервис (АПС) (Algerie Presse Service - APS) - Үкіметтік ақпарат агенттігі. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. 1961 жылдың соңына қарай негізі қаланды.
Алжир қаласында орналасқан. Ішкі және халықаралық ақпараттармен (саяси, экономикалық спорттық және фото) Алжир баспасөзін, радио және теледидарын қамтамасыз етеді. Әлемдік ақпарат агенттіктері - Итар-Тасс, БТА, ПАП және Сирия, Ирак, Иран, НДРИ т.б. елдердің агенттіктерімен бірлесе отырып қызмет жасайды.
Елдің ірі қалаларында және шетелдерде: Мәскеуде, Нью- Йоркте, Парижде, Лондонда, Женевада, Римде, Белградта және де әлемнің басқа қалалары мен астаналарында тілшілер пункті мен бөлімшелері бар.
Координациялық комитеттің Пулына еңбеген ақпарат агенттіктеріне, Фана-та, жалпы африкалық Пана ақпарат агенттіктеріне мүше.
Дереккөздер
<references/>