Ізтай Тілеуұлы Мәмбетов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ізтай Тілеуұлы Мәмбетов (1.1.1929 жыл, Ақтөбе облысы Алға ауданы Табантал ауылы — 1974 жыл, Алматы) — ақын, журналист, аудармашы.
- Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1953).
- 1952 — 1956 жылдары “Жұлдыз” журналында
- “Қазақ әдебиеті” газетінде әдеби қызметкер
- 1957 — 1969 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында бөлім меңгерушісі
- Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясында
- Ақтөбе облыстық газетінде қызмет істеген.
Шығармалары
- “Тұңғыш” атты алғашқы өлеңдер жинағы 1955 жылы жарық көрді.
Мәмбетовті лирик ақын ретінде жұртшылыққа танытқан
- “Табантал” (1961)
- “Аз-ақ жол” (1966)
- “Сал Сары” (1970)
- “Тарланбоз” (1973)
- “Жылан жал” (1974)
- “Ақпан” (таңдамалы, 1983) атты жинақтары.
Мәмбетов шығармаларының негізгі тақырыбы — туған жер, достық, махаббат, азаматтық. Ақын аудармашылықпен де айналысқан. Лирик ақынның
- “Қаракөз”
- “Мен туыппын ақпандатқан боранда” атты өлеңдеріне ән шығарылған.
- “Жыр Жәмила”
- “Пушкин мен Әміржан”
- “Пугачев нөкері” атты поэмалары тақырып аясының кеңдігімен, көркемдігімен бағаланады.<ref >Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>