Алтынемел, Көшентоған
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:18, 2016 ж. мамырдың 17 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Мағына Алтынемел, Көшентоған - Алматы облысының Кербұлақ ауданы жеріндегі тарихи мекен.
Географиялық орны
Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемінде, Алтынемел және Матай тауларынан басталатын Байғазы және Дос өзендерінің бастауында орналасқан. Оңтүстік-батысында Жүзасу (1474 м), оңтүстік-шығысында Алтынемел асуымен шектеледі. Алтынемел мекені Ш.Ш.Уәлихановтың өмірімен тығыз байланысты. Ол өмірінің соңғы жылдарын (1855–1865) Алтынемелде өткізді, сонда жерленді. Ғалымның Алтынемелдегі зираты басына 1985 жылы ескерткіш-белгі орнатылып, тарихи-мемориалдық мұражай ашылды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>