Шапқыншылық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:44, 2012 ж. тамыздың 9 кезіндегі Hardworking (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шапқыншылық – бір елдің жерін, дүние-мүлкін тартып алып, халқын кұлдыққа түсіру үшін екінші бір елдің жасайтын қарулы шабуылы. Ежелгі және орта ғасырларда үздіксіз жүргізілген соғыстар, бейбіт халықты қырғынға ұшыратып, қалаларды, құрылыстарды қиратты. Мысалы, 17-18 ғасырларда 100 жылдан астам уақыт бойы қазақ жеріне жоңғар басқыншылары шапқыншылық жасады. Екінші дүниежүзілік соғыста Германия мен оның одақтастарының Еуропа, Азия елдеріне, Кеңес Одағына жасаған қанды жорығы шапқыншылықтың айқын түрі.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала