Михаил Порфирьевич Вяткин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:54, 2015 ж. қыркүйектің 13 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Михаил Порфирьевич Вяткин (9.8.1895 жыл, Орынбор қ. – 7.12.1967 жыл, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ.) – тарих ғылымдарының доктыры (1944 ж.), профессор (1946) ж., Қырғызстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1954 ж.), РКФСР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақ, қырғыз халықтарының тарихына қатысты көптеген зерттеулердің авторы.
- Томск университетін бітірген (1921) ж.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
- 1934 ж. М.Н.Покровский атындағы Ленинград педогогика институтының аға ғылыми қызметкері.
- 1945 ж. КСРО тарихы кафедра меңгерушісі болған.
- 1957 жылдан өмірінің ақырына дейін КСРО FA Тарих институтының Ленинград бөлімшесін басқарды.
Еңбектері
- 1935 жылдан бастап КСРО, Қазақстан мен Қырғызстанның тарихын зерттеумен шұғылданды. 70-тен аса ғылым еңбектерінің көбі Қазақстан тарихына арналған.
- 1941 ж. Алматыға көшті, Қазақ КСР тарихы 1-томының очеркін жазды.
- 1943-49 ж. жарық көрген Қазақ КСР тарихының бірнеше тарауының авторы және редакциялық алқа мүшесі.
- Ол 1947 ж. шыққан "Сырым батыр" монографиясы үшін (1951 ж. қазақ тіліне аударылған) КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1948). Онда Вяткин Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз халқының ұлт-азаттық көтерілісіне жан-жақты талдау жасайды. Ол Сырымның қайраткерлігіне жоғары баға берген.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 9 тамызда туғандар
- 1895 жылы туғандар
- Орынборда туғандар
- 7 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 1967 жылы қайтыс болғандар
- Санкт-Петербургте қайтыс болғандар
- КСРО тарихшылары
- Ресей тарихшылары
- Қазақстан тарихшылары
- КСРО ғалымдары
- Тарих ғылымдарының докторлары
- Ленинград педогогика институтының профессорлары
- Ресейдің еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері
- КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері