Томазо Мазаньелло

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:32, 2015 ж. сәуірдің 11 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Onofrio Palumbo - Masaniello.jpg
Томазо Мазаньелло

Томазо Мазаньелло (1620 жыл, Неаполь - 1647 жыл 16 шілде, Неаполь) - итальян балықшысы, 1647 жылы шілдеде Неапольда болған антифеодалдық халық көтерілісінің көсемі.

Неаполь көтерілісі

Көтеріліс негізінен испан билеушілеріне қарсы бағытталды. Көтерілісшілер салық құжаттарын өртеп, вице-король сарайын қоршады да, Мазаньеллоны Неаполь халқының капитаны деп жариялады. Оларға Калабри, Апули және Абруцц, көптеген оңтүстік итальян қалаларының тұрғындары қосылды. Вице-король келісімге келуге мәжбүр болды, бірақ Неаполь капитанын өлтіруді ұйымдастырды. Көтерілісті 1648 жылы испан әскерлері басты.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>