Амангелді Ғалымжанұлы Құрашев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:55, 2017 ж. ақпанның 15 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Амангелді Ғалымжанұлы Құрашев (2.11.1946 ж.т.,Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1997).
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1973, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында ассистент, кафедра меңгерушісі (1982–90) қызметтерін атқарды. Негізгі ғылым еңбектері бет-пішінінде ауытқушылықтары мен кемшіліктері бар науқастардың кеселін айқындап, хирургиялық жолмен емдеу тәсілдерін жетілдіруге арналған. 50-ден астам ғыл. жарияланымның авторы.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>
Дереккөздер
<references/>