Америка Құрама Штаттарының туы
АҚШ мемлекеттік туы, сонымен қатар Жұлдызды-жолақты ту (Үлгі:Lang-en) деген атаумен белгілі — Америка Құрама Штаттарының ресми түрде АҚШ-тың Үлкені мөрі мен Мемлекеттік әнұранымен қатарлас мемлекеттік туы болып саналады.
Дизайн
Тікбұрышты горизонтальды үлендігі бірдей бірінен кейін бірі орналасқан жеті қызыл және алты ақ түсті жолағы бар мата бөлігі. Қара көк түсті Үлгі:Аж3 50 бес ұшы бар ақ жұлдыз орналасқан. 13 жолақ тәуелсіз мемлекетті құрған 13 британдық колонияларды білдіреді (Делавэр, Пенсильвания, Нью-Джерси, Джорджия, Коннектикут, Массачусетс, Мэриленд, Оңтүстік Каролина, Нью-Гэмпшир, Виргиния, Нью-Йорк, Солтүстік Каролина, Род-Айленд). Көк түсті крыж одақты білдіреді. Көк крыждағы жұлдыздар саны штаттардың санына сәйкес (қазір олардың саны 50). Қызыл түс шыдамдылық пен батырлықты білдіреді; қара көк түс — зейінділікті, әділеттілікті, сақтықты; ақ түс — пәктік пен тазалықты білдіреді. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы 10:19.
Ту уақыт өте келе Одақты құраған штаттардың санына байланысты өзгеріп тұрды. Жаңа жұлдыз туға 4 шілде күні одақ құрамына жаңа штат енгеннен кейін қосылады<ref>Информация о государственном флаге АҚШ — Infousa.ru</ref>. Жолақтар саны өзгермейді, тек 1795—1818 жж. қабылданған туға екі жұлдызбен қоса 2 жолақ қосылды да, артынан алынып тасталды.
Сипаты
Сипаты:
- Байрақ ені: A = 1,0
- Байрақ ұзындығы: B = 1,9
- Жұлдыздар аумағының ені: C = 0,5385 (A x 7/13, 7 жолақты алып жатыр)
- Жұлдыздар аумағының ұзындығы: D = 0,76 (B × 2/5, байрақ ұзындығының бестен екісі)
- E = F = 0,0538 (C/10, жұлдыздар аумағының енінің оннан бірі)
- G = H = 0,0633 (D/12, жұлдыздар аумағының ұзындығының он екіден бірі)
- Жұлдыздың диаметрі: K = 0,0616
- жолақтың ені: L = 0,0769 (A/13, байрақ енінің отыздан бірі)
Түтер
Байрақтың негізгі түстері:
Түс | Standard Color Cards of America<ref name="usflag.com_flagspecs"/> |
Пантон жүйесі бойынша<ref name="usflag.com_flagspecs"/> |
Web-тегі түстер<ref>түстердің RGB мағынасы Pantone Color Finder на Pantone.comҮлгі:Ref-en</ref> сайтынан алынған. | RGB |
---|---|---|---|---|
}}Қызыл | 70180 | 193C | #BB133E
|
177, 35, 50 |
}}Ақ | 70001 | Safe | #FFFFFF
|
255, 255, 255 |
}}Көк | 70075 | 281C | #002664
|
0, 38, 100 |
Байрақ дамуы
Дереккөздер
<references/>