.қаз
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
.қаз
.қаз — Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі ұлттық үйшігі. Интернеттегі кирил әліпбиіндегі үшінші үйшік (біріншісі .рф, екіншісі .срб). .рф және .срб-тен басты айырмашылығы құрамында тек қазақ әліпбиіне тән әріп бар.
Тарихы
2012 жылы наурызда Қазақстан ұлттық кириллицалық .қаз үйшігін іске қосты. Функционалдығын тексеру үшін тесттік ТЕСТ.ҚАЗ сайты құрылды.