0 (сан)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
0 | |
---|---|
Сан | 0 Ноль |
Реттік саны | 0. |
Сөздерде | |
0 |
0 (ноль) - теріс сандар менен оң сандар арасындағы, және оларды тең бөлуші сан. НӨЛ (Үлгі:Lang-la – ешқандай) – сандар осін терс және оң сандарға бөлетін бүтін сан. Кез келген нақты санға нөлді қосқанда сол санды өзгертпейтін қасиеті бар сан. Ол 0 символымен беріледі. Кез келген санның Н -ге көбейтіндісі Н-ге тең: a * 0=0 * a=0. Егер екі санның көбейтіндісі Н-ге тең болса, онда екі көбейткіштің ең болмағанда біреуі немесе екеуі де Н-ге тең. Санды Н-ге бөлу анықталмаған. Н. топ, сақина, өріс, т.б-дың элементі ретінде де қолданылады. 0 саны математикада өте маңызды рөл атқарады, сондай ақ ақпараттық жүйеде де өте маңызды сан.
Мазмұны
Қолданылуы
Математикада
- Нөлдік Фибоначчи саны, нөлдік Мерсенн саны, нөлдік үшбұрыштық саны және т.б.
- 0! (ноль факториал) 1-ге тең.
- Ноль функциясы
- Нөл - кері саны жоқ жалғыз ғана сан
Физикада
Абсолюттік нөлдік температура.
Басқа салалардан
- ASCII
NUL
символының басқару коды - Нөлдік жыл юлиан және григориан календарында жоқ.
- Нөлдік километр.