Азынау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:38, 2012 ж. тамыздың 3 кезіндегі GulzhanOmarova (Талқылауы) істеген түзету
Азынау- ұзақ созылған жағымсыз, қалыптан тыс дыбыс. Ежелгі Тәңір дінінің басты өкілі — бақсының қобыз сарындары азынау деп аталған. Қазақтың аспаптық музыкасында «азынау күйлер» деп аталатын сирек кездесетін жанр бар. Сондай-ақ, суық желдің гуілдеп соғуын азынау дейді. Қазақта айғырдың азынауы мен жылқының шұрқырауын, түйенің сарнап бұрқырауын да жамандықтың белгісіне, дәлірек айтсақ, жаугершілік, зілзала, ұрыс болады деп жамандыққа жориды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>