Бағдарламаны лицензиялау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:48, 2014 ж. ақпанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Бағдарламаны лицензиялау – стандартты келісімге сәйкес, тележүйе тапсырыстағы бағдарламаны эфирге екі рет көрсетуге ғана құқық ала алады<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009,1-т.–640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Бағдарлама әрқашанда компанияның меншігі болып есептеледі. Алайда компания қандай да бір шетелдік ұйымға бұл бағдарламаны пайдалану құқығының лицензиясын бере алады; дегенмен, тележүйе осы бағдарламаны толық көрсетуді аяқтамайынша оны күтуі тиіс. Себебі, компания жергілікті телестудиялардың жазуына байланысты бағдарламаны өзге де арналарға таратуды бастауы ықтимал. Сондықтан жекелеген тәуелсіз студиялар қандай да бір айқындалған нарықта тек қана бағдарламаны қайталап көрсету лицензиясын алуы мүмкін.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}