Владимир Гиганов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:47, 2014 ж. ақпанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Владимир Гиганов (1938 жылы, Краснояр өлкесі, Ужур ауылы) — байланысшы. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.


Еңбек жолы

Еңбек жолын Алматы электротехникалық байланыс техникумын бітіргеннен кейін бастаған. Республиканың байланыс саласында 36 жыл кызмет істеген, оның 31 жылында Шығыс Қазақстан облыстық радиотелевизия орталығында зертхана инженері міндетін атқарған. Шалғай аудандарда телевизия бағдарламаларын таратып, "Экран" ғарыштық телевизия жүйесінің қондырғыларын республикада бірінші игеріп, іске қосқан мамандардың бірі. Ол өнертапқыш ретінде стандарттан тыс телевизия техникасын тиімді пайдалануда белсенділік көрсеткен.

Марапаттары

Телевизияны дамытуға сіңірген енбегі үшін "Еңбек ардагері" медалімен марапатталып, оған КСРО "Құрметті радисі" атағы берілген.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}