Баспасөз-релиз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:47, 2014 ж. ақпанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Баспасөз-релиз – терілген материалдар, кестелер, бағдарламалар, мәліметтер баспасөз мәслихатына келгендерге таратылып беріледі. <ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Олар баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар мәлімдемесінің мәтініне сәйкес келеді. Баспасөз мәслихаты, көбінесе баспасөз орталығымен немесе баспасөз-хатшысымен ұйымдастырылады. Баспасөз мәслихатын баспасөз хатшысы басшысының атынан жүргізе береді. Баспасөз хатшысымен қоғамдық жұмыстағы хатшы бірге жұмыс істей береді.

Баспасөз хатшысы бірінші кезекте БАҚ-қа (теледидар, газет, радио) іс-шаралары туралы хабарлап отыруы керек. Оған қандай да бір сұрақ туындаған журналист келуі мүмкін. Ол БАҚ-тан келген хабарларды, басшысының қызметіне қатысты және еліміздегі, шетелдегі маңызды оқиғаларды басқармаға жариялап отыруға міндетті. Газеттегі мақалаларды оқып, телерадио хабарларды тыңдап, талдау жасау оның міндеті болып табылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}