Баспасөзге шолу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:48, 2014 ж. ақпанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Баспасөзге шолу – публицистикалық жанрлардың бірі, газет-журналдарға саяси басшылық етудің ең тиімді, оперативті әдісі<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.


Ол жергілікті баспасөз орғандарының өз міндетін қалай орындап жатқанын зерттеп, жетістік тәжірибесін жинақтайды, кемшілігін ашып, оны жоюдың жолдарын көрсетеді, журналистерге нақтылы кеңес беріп, олардың іскерлігін арттыруға көмектеседі. Баспасөзге шолу директивалық мәні жағынан бас мақаламен теңдес, көбі кредакциялық мақала түрінде беріледі. Ол, негізінен. тақырыптық шолуға, жалпы шолуға, информациялық шолуға бөлінеді.

Тақырыптық шолу науқандық, оперативті тақырыптың бір немесе бірнеше газетте қалай қамтылып, жазылу мазмұнына қорытынды жасайды. Жалпы шолу нақты бір газет, журналдың белгілі бір кезеңдегі жалпы жұмысына жан-жақты талдау жасайды.

Информациялық шолуда газет-журналдардың тыс, манызды мәселені көтерген материалының қысқаша мазмұны хабарланып, басқаларға үлгі есебінде ұсынылады. Шолудың бұл түрі "Жергілікті газеттерден", "Газет-журнал беттерінен", "Соңғы поштадан" деген рубриқалармен беріледі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}