Оразалинова Бәтима Қалиқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:45, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Оразалинова Бәтима Қалиқызы1952 жылы 13 мамырда Қарағанды облысы, Тельман ауданы, Майөзек селосында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

  • 1969 жылы Қарағанды қаласындағы №23 орта мектепті аяқтады.
  • 1973 жылы Алматы №2 полиграфия училищесін бітіріп, жолма жол теру машинасында машинамен терудің 6 разрядты терушісі мамандығын алып шықты. Сол жылы №2 қалалық баспаханаға жіберілді.
  • 1973-1979 жылдары Мәскеу полиграфия институтында сырттай оқып, 1979 жылы полиграфиялық өнеркәсіптің инженер-технолог мамандығын алып шықты. "Кітап» РӨБ-інің «Кітап» фабрикасында кәсіподақ комитетінің төрағасы болды.
  • 1999-2004 жылдары «Дәуір» РПБК-да бас технолог, өндіріс бөлімі бастығының орынбасары, тапсырыстарды қабылдау және дайындау бөлімінің технологы болып еңбек жолын жалғады.
  • 2004 жылдан осы уақытқа дейін «Білім» баспасында өндірістік бөлім бастығы болып істейді.

Белсенді еңбегі ушін БОКОК белгісімен және ВЦСПС құрмет белгісімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}