Бас редактор (редактор)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:48, 2014 ж. ақпанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Бас редактор (редактор) – 1. БАҚ-тың редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиісінше өкілеттігі бар жеке тұлға. 2. Баспада, газет пен журналда, радио мен теледидарда, көп томды басылымдарда (энциклопедия, сөздік, анықтама) барлық шығармаларда, әдеби және редакциялық ұйымдастыру жұмыстарын басқаратын қызметкер<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.


XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ресей мен шетелдерде Бас редактор деп мерзімді басылымдардың саяси, әдеби және ғылыми жетекшілерін атайтын болды. Кітап басып шығару ісінде, газет, журнал, радио, теледидар және басқа насихаттық баспасөз орғандарының жұмысында Бас редактор зор рөл атқарады. Ол баспа өнімдері мен баспасөз орғандары материалдарының идеялық-көркемдік сапасы мен ғылыми-теориялық мазмұнына жауап береді.

Бас редактор редакциялық істі басқаруда дара билік пен алқалық принципті ұштастыра отырып, идеологиялық және редакциялық жұмысқа басшылық етеді, редакциялар кеңесі (баспаларда) мен редакциялар алқасының (газет, журналдарда) жұмысына бағыт-жөн сілтейді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}