Барманқұлов Марат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:47, 2014 ж. ақпанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Барманқұлов Марат (1937 жылы 10 ақпанда Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келіп, 2000 жылы 9 мамырда Алматыда дүниеден өткен) – тележурналист, отандық тележурналистика саласының негізін алғашқы қалаушылардың бірі әрі осы саланың көрнекті теоретигі<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

ҚазМУ-ді бітірген (1950). Бесінші курстан бастап Алматы телестудиясының репортері, содан кейін жастар спорт бөлімінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді. 1961-65 жылдары Мәскеу университеті журналистика факультетінің аспиранты. ММУ-дің бриғадасымен бірге студенттік құрылыста "Молодой целинник" газетінің негізін қалады. "Планета целины" кітабы авторларының бірі.

Филология ғылымдарының кандидаты (1965), (диссертация тақырыбы "Портреттік очерк мәселелері"), филология ғылымдарының докторы (1981), (тақырыбы "Баспасөз, телевидение және радио жанрларын салыстыра талдау"), проф. (1982). 1965 жылы ҚазМУ-де ассистенттен журналистика факультеті деканының орынбасары, 1991 жылы "Казахстанская правда" газеті редакторының бірінші орынбасары. Сол жылдан бастап өмірінің соңына дейін ҚазҰУ-дың телевизиялық журналистика кафедрасының меңгерушісі, Әлем әдебиеті және журналистика университетінің бірінші проректоры.

Көрнекті ғалым "Весь мир в вашей квартире", "Журналистика для всех", "Сравнительный анализ жанров", "Жанры печати, радиовещания и телевидения", "Искусство современной информации", "Телевидение: деньги или власть?", "Хан Иван" т.б. оқу құралдары мен монографиялардың, әлденеше жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Барманқұлов басшылығымен бір докторлық, бес кандидаттық диссертация қорғалды.

Барманқұлов ҚазМУ-дің журналистика факультетіндегі кандидаттық диссертация қорғау Кеңесі төрағасының орынбасары және филология факультетінің докторлық диссертация қорғау Кенесінің мүшесі болды. Қазақстан Журналистер одағының хатшысы, Еуразия Халықаралық экономика академиясының академигі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}